Директор блогы


Баймухамбетова Динара Толеубаевна — Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы ЖШС «Білімді ұрпақ-4» бастауыш мектебінің директоры.

Баймухамбетова Динара Толеубаевна 1982 жылғы 22 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Ауқатты ауылында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ.
Білімі: жоғары.
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі.
Санаты: педагог-сарапшы.
Жалпы еңбек өтілі: 21 жыл.

Динара Толеубаевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы №73 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастаған.

2008–2010 жылдары Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.

2010–2012 жылдары №19 Бұлар батыр атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті.

2012 жылы Ауқатты ауылындағы Ә. Бөкейхан атындағы мектепте директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.